Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы N 69 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3171 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі N 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 07.07.2015 N 210 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Махметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Аудан әкімі А.Тастеміров

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 69 қаулысымен бекітілді

Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Осы жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі "бұдан әрі-Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) жылдық жалдау ақысының мөлшерлеме есебі жалдау ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын, аумақтық орналасуы, жайлылық дәрежесін, тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы осы Қағиданың №1 қосымшасына сәйкес және мөлшерлері негізінде анықталады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс хSх Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерінің жылына 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25 % көлемінде осыалаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
      Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Осы Қағиданың № 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көліктік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
      Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көліктік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұндағы:
      Ар – жылына жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – жалдаудағы жылына базалық мөлшерлеме, теңдеумен қабылданатын С = (Sбал. х Nаморт.),
      мұндағы: S бал. – жалға берілетін объектінің бастапқы құны;
      Nаморт. –жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде анықталады.
      К1-пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент;
      К2-пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент
      Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1,0 тең коэффициент қабылданады.

  Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасына №1 қосымша

Ауданның коммуналдық мүлкін жалдауға беру (жалға алу) кезінде жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық түрі, жалдаушының қызметінің түрі, аумақтық орналасуы, қолайлық дәрежесі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, құрылыс үлгісі, қолданылатын коэффициенттің көлемі және базалық мөлшерлемесі

№ п/п
Базалық мөлшерлеме
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеменің көлемі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші
№ р/н
Коэффициенттер түрі
Коэффициент көлемі
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 әкімшілік, кеңселік
1,0
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1,0
2.2 ғимараттағы үй-жай
1,0
2.3 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.4 жертөле (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.5 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз,сумен қамсыздандыру, жылу) қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды.
1,0 
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
4.1 аудан орталығы үшін
1,0
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
 
5.1.брокерлік қызметін және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер
3,0
 
5.2 банктердің есептік-кассалық орталықтары үшін
2,0
 
5.3 коммуникациялық қызметтер, соның ішінде байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон стансасы, пошталар
1,4
 
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
1,5
 
5.5 қонақ үй, сауда-сатып алу қызметтерін ұйымдастыру үшін ұйымдастыру үшін, дәріхана және дәріханалақ пункттер
2,0
 
5.6 оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
0,5
 
5.7 білім (мектептен тыс, оқушылар үшін үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсету үшін
1,0
 
5.8.өзге де қызметтер түрлері үшін
1,9
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескертетін коэффициент (Копф):
 
 
6.1 сауда - сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлер субъектілері үшін
0,9
 
6.2 қайырылымдылық және қоғамдық ұйымдарға және бірлестіктерге, комерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
 
6.3 қалғандары үшін
1,0

  Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасына №2 қосымша

№ п/п
Коэффициенттер түрі
Коэффициент көлемі
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1
 
 
автокөлік құралдары:
пайдалану бойынша 1 жылдан 5 жылға дейін
пайдалану бойынша 5 жылдан жоғары
1,2
1,0
 
жабдықтар және басқа мүлік:
пайдалану бойынша 1 жылдан 7 жылға дейін;
пайдалану бойынша 7 жылдан жоғары
1,2
1,0
2
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2
 
 
автокөлік құралдары, жабдықтар және басқа мүлік:
аудан орталығы аумағында пайдалану кезінде
ауданның басқа аумағында пайдалану кезінде
1,4
1,0

      

Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 12 марта 2015 года N 69. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 20 марта 2015 года N 3171. Утратило силу постановлением акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 7 июля 2015 года N 210

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 07.07.2015 N 210 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" акимат Айыртауского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить прилагаемый порядок расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Айыртауского района Северо-Казахстанской области Махметова А.Г.
      3.Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2015 года.
      Аким района А. Тастемиров

  Утвержден постановлением акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 12 марта 2015 года № 69

Порядок расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

      Настоящий Порядок расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) (далее-Порядок) разработан в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)", и определяет порядок расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц определяется на основании базовых ставок и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя согласно приложению № 1 к настоящему Порядку и осуществляется по формуле:
      Ап = Рбс хSх Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      где:
      Ап – ставка арендной платы объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц в год;
      Рбс – базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр, тенге в год;
      S– арендуемая площадь, квадратный метр, при расчете платы за наем части помещений в здании необходимо учитывать доступ к местам общего пользования нанимателем этих площадей в размере 25% от передаваемой в имущественный наем (аренду) площади;
      Кт - коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кк - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кск - коэффициент, учитывающий степень комфортности;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      3. Расчет арендной платы за имущественный наем (аренду) автотранспортных средств, оборудования и иного имущества районной коммунальной собственности, за исключением объектов государственного нежилого фонда согласно приложению № 2 к настоящему Порядку.
      Годовая арендная плата за имущественный наем (аренду) автотранспортных средств, оборудования и иного имущества районной коммунальной собственности, за исключением объектов государственного нежилого фонда определяется:

            Ар = С х К1 х К2,

      где: Ар – ставка арендной платы в год;
      С – базовая ставка аренды в год, принимаемая равной С = (Sбал. х N аморт.),
      где: S бал. – первоначальная стоимость сдаваемого объекта;
      N аморт. – годовая норма износа, определяется на основании предельных норм амортизации фиксированных активов согласно Налоговому кодексу Республики Казахстан
      К1 – Коэффициент, учитывающий срок эксплуатации;
      К2 – Коэффициент, учитывающий условия эксплуатации.
      4. В случае отсутствия коэффициента в таблице, принимается коэффициент равный 1,0.

  Приложение № 1 к Порядку расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Базовая ставка и размеры применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

№ п/п
Базовая ставка
 
Административно-территориальная единица
Размер базовой ставки
1
Айыртауский район Северо-Казахстанской области
1,5 месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год
№ п/п
Вид коэффициентов
Размер коэффициента
1
Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):
 
1.1 административное, офисное
1,0
1.2 производственное
0,8
1.3 складское, гаражное, котельная
0,6
1.4 спортивные сооружения (стадионы, спортивные залы)
0,7
2
Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кк)
 
2.1 отдельно стоящее строение
1,0
2.2 помещение в здании
1,0
2.3 встроено-пристроенная часть
0,9
2.4 цокольная (полуподвальная) часть
0,7
 
2.5 подвальная часть
0,6
3
Коэффициент, учитывающий степень комфортности (Кск)
 
3.1 для помещений со всеми инженерно-техническими устройствами (электрическая энергия, канализация, водоснабжение, отопление) при отсутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,1 за каждый отсутствующий вид
1,0
4
Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр):
 
 
4.1 для районного центра
1,0
4.2 для сельских населенных пунктов
0,5
5
Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):
 
 
5.1для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор
3,0
 
5.2 для расчетно-кассовых центров банков
2,0
 
5.3 для коммуникационных услуг, в том числе услуг связи, автоматизированных телефонных станций, почты
1,4
5.4 для организации общественного питания
1,5
5.5 для организации гостиничных услуг, торговой или торгово-посреднической деятельности, аптек и аптечных пунктов
2,0
5.6 для организации общественного питания в учебных заведениях
0,5
5.7 для оказания услуг в области образования (внешкольная, кружковая деятельность для учащихся, компьютерные классы), здравоохранения, культуры и спорта
1,0
 
5.8 для прочих видов деятельности
1,9
6
Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):
 
 
6.1 для субъектов малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению, за исключением торгово-посреднической деятельности
0,9
 
6.2 для благотворительных и общественных организаций и объединений, некоммерческих организаций
0,5
 
6.3 для остальных
1,0

  Приложение № 2 к Порядку расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

№ п/п
Вид коэффициентов
Размер коэффициента
1
Коэффициент, учитывающий срок эксплуатации К1
 
 
автотранспортные средства:
при эксплуатации от 1 года до 5 лет
при эксплуатации свыше 5 лет
1,2
1,0
 
Оборудование и иное имущество:
при эксплуатации от 1 года до 7 лет
при эксплуатации свыше 7 лет
1,2
1,0
2
Коэффициент, учитывающий условия эксплуатации К2
 
 
автотранспортные средства, оборудование и иное имущество:
при эксплуатации на территории районного центра
при эксплуатации на остальной территории района
1,4
1,0