"Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Махметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 69 қаулысымен бекітілді |
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі "бұдан әрі-Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) жылдық жалдау ақысының мөлшерлеме есебі жалдау ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын, аумақтық орналасуы, жайлылық дәрежесін, тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы осы Қағиданың №1 қосымшасына сәйкес және мөлшерлері негізінде анықталады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс хSх Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерінің жылына 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25 % көлемінде осыалаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
3. Осы Қағиданың № 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көліктік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көліктік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
Ар = С х К1 х К2,
мұндағы:
Ар – жылына жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – жалдаудағы жылына базалық мөлшерлеме, теңдеумен қабылданатын С = (Sбал. х Nаморт.),
мұндағы: S бал. – жалға берілетін объектінің бастапқы құны;
Nаморт. –жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде анықталады.
К1-пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент;
К2-пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент
Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1,0 тең коэффициент қабылданады.
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасына №1 қосымша |
Ауданның коммуналдық мүлкін жалдауға беру (жалға алу) кезінде жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық түрі, жалдаушының қызметінің түрі, аумақтық орналасуы, қолайлық дәрежесі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, құрылыс үлгісі, қолданылатын коэффициенттің көлемі және базалық мөлшерлемесі
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасына №2 қосымша |