Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 26.10.2017 № 189 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қауылысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 тамызда № 2918 тіркелген, 2014 жылғы 29 тамыздағы №34 "Ақжар-хабар" және №34 "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Тұралинов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар | ||
Ақжар ауданы | 190 | - | - | - | - |
Кестенің жалғасы:
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар |
17998 | - | - | - | - |
Кестенің жалғасы:
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар |
5500 | 3500 | - | - | - |