Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 189 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қарашада № 4373 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 39 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қауылысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3180 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 наурызда "Акжарские вести", "Нұрлы ел" газеттерінде жарияланған);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 289 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қауылысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 болып тіркелген, 2016 жылдың 15 ақпанда "Акжарские вести", "Нұрлы ел" газеттерінде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Бейсембаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Тұралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады