Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы N 279 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 тамызда N 2918 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 20.09.2017 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Тұрысбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 279 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 31.12.2015 N 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар


Ақжар ауданы

190

-

-

-

-


      Кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

17998

-

-

-

-


      Кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

5500

3500

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады