"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 4, 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттілігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасының 29 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен (келісімімен) бірлесе 1 қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2 қосымшаға сәйкес шарт негізінде үй-жайлар ұсынылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 520 қаулысының (2014 жылғы 4 қарашадағы № 2974 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 4 қарашадағы № 45 (5496) "Маяк" газетінде, 2014 жылғы 7 қарашадағы № 45 (593) "Қызылжар" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 16 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 113 қаулысына 1 қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 113 қаулысына 2 қосымша |