Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 520 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 қарашада N 2974 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы N 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 06.03.2015 N 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны анықталсын.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай шарт негізінде берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 4 қарашадан туындайтын қатынасқа таралады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызылжар ауданының әкімі

Б. Жұмабеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Қызылжар аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы

Н. Сұлтанғазин

      2014 жылғы 30 қазан



Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 520 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны
 

р/с

 

Ауылдық округ атауы
 

Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік басылым материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы
 

1
 

Бескөл ауылы
 

Бескөл орта мектеп-гимназиясы ғимараты маңындағы орталық алаң аумағындағы ақпараттық стенд
 

   


Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 520 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін шарт негізінде берілген үй-жай
 

р/с

 

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы
 

Таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай
 

1.
 

Бескөл ауылы
 

Бескөл "Парасат" мектеп-лицейі
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады