Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 113 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда N 3150 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы N 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 03.06.2015 N 264 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 4, 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттілігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасының 29 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен (келісімімен) бірлесе 1 қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2 қосымшаға сәйкес шарт негізінде үй-жайлар ұсынылсын.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 520 қаулысының (2014 жылғы 4 қарашадағы № 2974 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 4 қарашадағы № 45 (5496) "Маяк" газетінде, 2014 жылғы 7 қарашадағы № 45 (593) "Қызылжар" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 16 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2015 жылғы 06 наурыз
Н.Қ. Сұлтанғазин

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 113 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар

№ р/с
Ауылдық округ атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар
1
Архангельск ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылының орталық аумағындағы ақпараттық стенд
2
Куйбышев ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Боголюбово ауылы, "Куйбышев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы ақпараттық стенд
3
Петерфельд ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Петерфельд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 113 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ұсынылған үй-жайлар

№ р/с
Ауылдық округ атауы
Кездесулер өткізу орны
1
Архангельск ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Архангелка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
2
Куйбышев ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Боголюбово ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Боголюбово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
3
Петерфельд ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Петерфельд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады