Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/3 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы (2009 жылғы 8 мамырда "Солтүстік жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-10-80 тіркелген) № 13/4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқалған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"Жер салығының ставкалары 387 бабының 1, 1-1 тармақтарына, осы шешімнің қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын;
нұсқалған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының кодексіне 387 бабына сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (әрі қарай Салық кодексі)
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының мөлшермелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Автотұрақтарға (паркингетрге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналысқан жерлерді қоспағанда, Салық кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшермелері елу пайызға жоғарылатылсын.