"Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 41/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда N 3278 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/3 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы (2009 жылғы 8 мамырда "Солтүстік жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-10-80 тіркелген) № 13/4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      нұсқалған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Жер салығының ставкалары 387 бабының 1, 1-1 тармақтарына, осы шешімнің қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын;
      нұсқалған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Н. Серикова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Мамлют ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасы мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2015 жылғы 12 мамыр
С. Есмұқанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 41/7 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/4 шешіміне қосымша

      Қазақстан Республикасының кодексіне 387 бабына сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (әрі қарай Салық кодексі)
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының мөлшермелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Автотұрақтарға (паркингетрге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналысқан жерлерді қоспағанда, Салық кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшермелері елу пайызға жоғарылатылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады