Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 51 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда N 3159 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы, 2) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 1 тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімінің өнеркәсіп, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі жеткшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 12 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі С. Салтықов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 51 қаулысына қосымша

Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеген кезде, келесі көрсеткіштер қолданылады:
      А-Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңгеде);
      Ц-тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алынуының) бір шаршы метрінің құны (теңге) үшін теңге;
      Т-ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (жыл);
      Р-тұрғын үйді күтіп ұстау үшін қажетті төлемдердің сомасы (тұрғын ғимараттың) (айына бір шаршы метр үшін теңгеде);
      Тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алынуының) бір шаршы метрінің құны (Ц) ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес және мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталады.
      Ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарының қайта құрылымдауы, күрделі және ағымдағы жөндеуі" 1.04-26-2011 ҚР ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталды.
      Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын 1 ш. м. үшін төлемақының мөлшері, формула бойынша есептер:
      А=Ц/Т/12+Р
      Ц= 337717000 теңге ("Севмемэкспертиза" МЕК 2013 жылғы 6 сәуірдегі № 17-0115/13 қорытындысына сәйкес құрылыстың құны) 3648,5 (техникалық төлқұжат мәліметтеріне сәйкес үйдің жалпы алаңы) =92563,25 тұрғын үйдің бір шаршы метр құрылысының құны (теңге).
      Т-125 жыл (кірпіш ғимараты үшін, 1.04-26-2004 ҚР ҚН)
      Р=о теңге
      А=92563,25:25:12+0=61/71 теңге
      Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері, айына бір шаршы метрі үшін 61,71 теңгені құрайды.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома, расположенного по адресу город Тайынша улица Конституции Казахстана, 164

Постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 12 февраля 2015 года № 51. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 12 марта 2015 года № 3159. Утратило силу - постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 3 августа 2017 года № 272

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 03.08.2017 № 272 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 1 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 августа 2011 года № 306 "Об утверждении Методики расчета размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда" акимат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома, расположенного по адресу город Тайынша улица Конституции Казахстана, 164 согласно приложению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Тайыншинского района Северо-Казахстанской области по промышленности, строительству и оперативным вопросам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 12 февраля 2015 года.

      Аким района С. Салтыков

  Приложение к постановлению акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 12 февраля 2015 года № 51

Размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома расположенного по адресу город Тайынша улица Конституции Казахстана 164

      При расчете размера платы, взимаемой за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, не входящим в состав объекта кондоминимума, применяются следущие показатели:

      А-Размер платы, взимаемой за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, не входящим в состав объекта кондоминимума, (в тенге за 1 квадратный метр в месяц);

      Ц-стоимость строительства (приобретения) одного квадратного метра общей площади жилища (в тенге);

      Т-расчетный срок службы здания (лет);

      Р-сумма платежей, необходимая на содержание жилого дома (жилого здания) (в тенге за один квадратный метр в месяц);

      Стоимость строительства (приобретения) одного квадратного метра общей площади жилищ (Ц) определяется в соответствии с проектно-сметной документацией на строительство здания или по результатам государственных закупок.

      Расчетный срок службы зданий (Т) определяется в соответствии со строительными нормами СН РК 1.04-26-2011 "Реконструкция, капитальный и текущий ремонт жилых и общественных зданий".

      Размер платы за 1 кв. метр в месяц, взимаемой за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, не входящим в состав объекта кондоминимума, расчеты по формуле:

      А=Ц/Т/12+Р

      Ц= 337717000 теңге (стоимость строительства, согласно заключения ДГП "Севмемэкспертиза" № 17-0115/13 от 6 апреля 2013 года) 3648,5 (общая площадь дома согласно данных технического паспорта) =92563,25 стоимость строительства одного квадратного метра общей площади жилища (в тенге).

      Т-125 лет (для кирпичного здания, СН РК 1.04-26-2004)

      Р=о тенге

      А=92563,25:25:12+0=61/71 тенге

      Размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, не входящим в состав объекта кондоминимума 50 квартирного жилого дома расположенного по адресу город Тайынша улица Конституции Казахстана 164, составляет 61,71 тенге за один квадратный метр в месяц.