Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Индер ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 55 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 3120 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 24.02.2023 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Индер ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.

      Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Д. Шамұратовқа жүктелсін.

      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Арыстан
      "КЕЛІСІЛДІ"
Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Құнас
      "27" ақпан 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "27" ақпандағы № 55 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Индер ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 21.12.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с

Кент, ауылдық округтердің атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Индербор кенті

Индербор кенті, "Индер аудандық білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

2

Индербор кенті

Индербор кенті, "Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

3

Индербор кенті

Индербор кенті, Д.Қонаев көшесіндегі демалыс саябағындағы стенд

4

Индербор кенті

Индербор кенті, "Атырау облысы Білім беру басқармасының "Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

5

Индербор кенті

Индербор кенті, "Индер аудандық білім бөлімінің "Көктем" қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

6

Бөдене ауылдық округі

Бөдене ауылы, М.Мөңкеұлы және А.Далабаев көшелерінің қиылысындағы стенд

7

Жарсуат ауылдық округі

Жарсуат ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің Махамбет атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

8

Жарсуат ауылдық округі

Құрылыс ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

9

Көктоғай ауылдық округі

Көктоғай ауылы, "Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының "Көктоғай-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

10

Өрлік ауылдық округі

Өрлік ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің Қ.Абаханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

11

Есбол ауылдық округі

Есбол ауылы, "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

12

Есбол ауылдық округі

Есбол ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

13

Есбол ауылдық округі

Ынтымақ ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

14

Елтай ауылдық округі

Елтай ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

15

Елтай ауылдық округі

Аққала ауылы, "Индер аудандық білім бөлімінің Аққала орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады