Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы Жарлығына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған "Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Қалиевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Баракатов |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "30" сәуір № 225 қаулысымен бекітілген |
1. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі – (бұдан әрі – Бөлім) ауданның кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 060400, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Испуллаева көшесі, № 66 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: Бөлім жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асыру.15. Міндеттері:
1) Аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
2) Заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.
16. Функциялары:
1) Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
2) Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
3) Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
4) Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
5) Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
6) Өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
7) Белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және арыздарды қарастыру;
8) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
9) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
10) Аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
11) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
12) Балалар және жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға көмек көрсетеді;
13) Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
14) Аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
15) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Құрманғазы ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) Оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен кеңестер өткізу;
3) Белгіленген тәртіппен аудандық атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Бөлімнің өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
4) Белгіленген тәртіппен Бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
5) Бұқаралық ақпарат құралдарына Бөлімнің қызметі туралы ақпарат беру;
6) Қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;
7) Белгіленген тәртіппен аудан әкіміне Бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын әзірлеу;
8) Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімдігінің мүддесін білдіру;
9) Өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге;
10) Аудан әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беруге міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
5) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;
6) Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.