"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, 9-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/203-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2663-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 27 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Облыстық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны облыстық мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Қ.Қамбаров |
Облыстық мәслихат хатшысы |
Қ.Ержан |