"Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/203-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 36/299-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3137 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/38-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 29.06.2016 № 3/38-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, 9-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/203-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2663-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 27 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Облыстық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны облыстық мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Қамбаров
      Облыстық мәслихат
хатшысы
Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады