Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2016 № 13 шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237
қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 3 "Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2601 нөмірінде тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2014 жылдың 19 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі |
А.Мырзахметов |
С.Тұяқбаев |
|
Б.Жылқышиев |
|
Р.Жексембаева |
|
П.Тастанов |
Облыс әкімінің 2015 жылғы |
Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған cубсидиялар көлемі
№ |
Қала мен аудандардың атауы |
Жылдық лимит, мың текше метр |
Субсидия көлемі, мың теңге |
1 |
Қазығұрт |
94700 |
3686 |
2 |
Мақтарал |
371700 |
69491 |
3 |
Ордабасы |
38100 |
2411 |
4 |
Отырар |
106200 |
12674 |
5 |
Сарыағаш |
88100 |
3391 |
6 |
Шардара |
440118 |
89730 |
7 |
Түркістан |
15850 |
18618 |
Жиыны: |
1154768 |
200000 |