Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 3 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 сәуірде № 2601 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.07.2015 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. «Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2215-нөмірінде тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2013 жылдың 8 ақпанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

                                                 А. Мырзахметов

Облыс әкімінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 3 шешіміне қосымша

Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған cубсидиялар көлемі

Аудандар атауы (облыстық маңызы бар қала)

Жылдық лимит, мың текше метр

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Қазығұрт

65710

2604

2

Мақтарал

493858

141916

3

Ордабасы

39000

2467

4

Отырар

78800

13911

5

Сарыағаш

100500

2982

6

Шардара

1084300

98761

7

Түркістан

15500

17359

Жиыны:

1877668

280000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады