Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 36 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 3292 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2016 № 13 шешімімен.
      Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 3 "Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2601 нөмірінде тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2014 жылдың 19 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
 

      Облыс әкімі

А.Мырзахметов

      С.Тұяқбаев


      Б.Жылқышиев


      Р.Жексембаева


      П.Тастанов


   
 


Облыс әкімінің 2015 жылғы
"16" шілдедегі № 36 шешіміне
қосымша

Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған cубсидиялар көлемі


 

Қала мен аудандардың атауы
 

Жылдық лимит, мың текше метр
 

Субсидия көлемі, мың теңге
 

1
 

Қазығұрт
 

94700
 

3686
 

2
 

Мақтарал
 

371700
 

69491
 

3
 

Ордабасы
 

38100
 

2411
 

4
 

Отырар
 

106200
 

12674
 

5
 

Сарыағаш
 

88100
 

3391
 

6
 

Шардара
 

440118
 

89730
 

7
 

Түркістан
 

15850
 

18618
 

Жиыны:
 

1154768
 

200000
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады