"Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 36 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 13 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 36 "Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3292-нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Е.А.Әлімқұлов
      С.Қ.Тұяқбаев
      С.О.Тұрбеков
      Р.М.Жексембаева
      Г.Н.Асылбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады