"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3031-нөмірмен тіркелген, 2015 жылы 21 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялаудың бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы";
1-тармақтың 1), 2)-тармақшалары келесідей редакцияда жазылсын:
"1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялаудың бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялаудың бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
Е.Айтаханов | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 346 қаулысына 1 қосымша |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына 1 қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге |
Ірі қара мал шаруашылығы | |||
1 | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2 671,93 |
Қой шаруашылығы | |||
2 | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1034 |
Бал ара шаруашылығы | |||
3 | Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | бал ара ұясы | 3190 |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 346 қаулысына 2 қосымша |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына 2 қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтардағы және өндірістік кооперативтердегі ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру | 1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы. 2. Дистрибьютерлік орталықтың лабораториясының болуы, ұрық сақтайтын дьюар ыдысының болуы. 3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын тарататын арнайы тасымалдау көлігінің болуы. 4. Қажетті көлемде азот шығаратын зауыттармен келісім-шарттың болуы. |
2. | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтардағы және өндірістік кооперативтердегі қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру | 1. Асыл тұқымды немесе дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы. 2. Лабораторияның болуы. 3. Асыл тұқымды қошқарларды тасмалдайтын арнайы көліктің болуы. 4. Асыл тұқымды куәліктердің болуы. |
3. | Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | 1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы. 2. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді. 3. Лабораторияның болуы. |