Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 30.10.2015 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялаудың бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялаудың бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 30.10.2015 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | |
_______________А.С. Мамытбеков | |
"16" 02 2015 жыл | |
Б. Оспанов | |
Б. Жылқышиев | |
Е. Айтаханов | |
С. Қаныбеков | |
Е. Садыр | |
С. Тұяқбаев | |
А. Абдуллаев | |
Р. Исаева |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына 1-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 30.10.2015 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге |
Ірі қара мал шаруашылығы | |||
1 | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2 671,93 |
Қой шаруашылығы | |||
2 | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1034 |
Бал ара шаруашылығы | |||
3 | Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | бал ара ұясы | 3190 |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына 2-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 30.10.2015 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтардағы және өндірістік кооперативтердегі ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру | 1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы. 2. Дистрибьютерлік орталықтың лабораториясының болуы, ұрық сақтайтын дьюар ыдысының болуы. 3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын тарататын арнайы тасымалдау көлігінің болуы. 4. Қажетті көлемде азот шығаратын зауыттармен келісім-шарттың болуы. |
2. | Шаруа (фермерлік) жеке қосалқы шаруашылықтардағы және өндірістік кооперативтердегі қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру | 1. Асыл тұқымды немесе дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы. 2. Лабораторияның болуы. 3. Асыл тұқымды қошқарларды тасмалдайтын арнайы көліктің болуы. 4. Асыл тұқымды куәліктердің болуы. |
3. | Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | 1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы. 2. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді. 3. Лабораторияның болуы. |