2016 жылға шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 100 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 3713 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 тіркелген, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту:
      1) 2016 жылға шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
      2) 2016 жылға бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
      2. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптарын бекіту:
      1) 2016 жылға шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;
      2) 2016 жылға бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3031 тіркелген, 2015 жылы 21 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);
      2) 2015 жылғы 30 қазандағы № 346 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3420 тіркелген, 2015 жылы 12 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуір
№ 100 қаулысына 1-қосымша

2016 жылға шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
2672

Қой шаруашылығы

2
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
1034

Бал ара шаруашылығы

3
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу
бал ара ұясы
3190

      

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуір
№ 100 қаулысына 2-қосымша

2016 жылға шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемдері мен талаптары


Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы.
2. Дистрибьютерлік орталықтың лабараториясының болуы, ұрық сақтайтын дьюар ыдысының болуы.
3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын тарататын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Қажетті көлемде азот шығаратын зауыттармен келісім-шарттың болуы.
5. Асыл тұқымды куәліктің болуы.
2.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтардағы және өндірістік кооперативтердегі қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы.
2. Лабараториясының болуы.
3. Асыл тұқымды қошқарларды тасмалдайтын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Асыл тұқымды куәліктің болуы.
3.
Бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу
1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы.
2. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді.
3. Лабораторияны пайдалану жөніндегі келісім-шарт.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады