Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 28/240-6с (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5c "Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге санатын белгiлеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2132 тіркелген, 2012 жылғы 23 қарашада "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге санатын белгiлеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесiн ұлғайту туралы";
шешімнің 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық мөлшерлемесі, автотұрақтардың (паркингтер) санатына қарай, 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.";
Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында "ставкаларының", "ставкалары", "ставкалардың" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат | |
хатшысы | Н.Бекназаров |