Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 14.09.2020 № 69/628-6с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505, 509 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтарға (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5с "Автотұрақтар (паркингтер) үшін берілген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2132 тіркелген 2012 жылғы 23 қарашадағы "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) және Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурызындағы № 46/329-5с "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3167 тіркелген 2015 жылдың 8 мамырдағы "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Х.Ахматханов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | Н.Бекназаров |
Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/240-6с шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің ) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің ) түрлері | Санаттар |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Шымкент қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 28/240-6с шешіміне
2 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер ) орналасқан жерлерге санатына қарай базалық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ | Автотұрақтар (паркингтер ) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер ) үшін бөлінген жерлерге салықтық базалық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелерін ұлғаюы |
1 | 1 категория | 9,17 | он есе |
2 | 2 категория | 9,17 | он есе |