"Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге санатын белгiлеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5c шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/329-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 3167 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/240-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 28/240-6с (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5c "Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге санатын белгiлеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2132 тіркелген, 2012 жылғы 23 қарашада "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге санатын белгiлеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесiн ұлғайту туралы";

      шешімнің 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық мөлшерлемесі, автотұрақтардың (паркингтер) санатына қарай, 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.";

      Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында "ставкаларының", "ставкалары", "ставкалардың" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат
      хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады