Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 28/240-6с (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/329-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автотұрақтардың (паркингтер) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық мөлшерлемесі, автотұрақтардың (паркингтер) санатына қарай, 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/329-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Х.Сарсенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Н.Бекназаров |
Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5с шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттар |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы № 12/85-5с шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатына қарай базалық мөлшерлемелерінің мөлшері
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/329-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтық базалық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы |
1 | 1 санат | 9,17 | он есе |
2 | 2 санат | 9,17 | он есе |