"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 "Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3018 тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпанда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С.Ертай |