1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С.Ертай |
Арыс қаласы әкімдігінің "29" сәуір 2016 жылғы № 148 қаулысына қосымша |
Арыс қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 "Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3018 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 10-11 нөмірінде жарияланған) қаулысы;2. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 71 "Арыс қаласының ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3054 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 21 наурыздағы № 14-15 нөмірінде жарияланған) қаулысы;
3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 73 "Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3029 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 14 наурыздағы № 13 нөмірінде жарияланған) қаулысы;
4. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 276 "Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3193 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 25 нөмірінде жарияланған) қаулысы;
5. Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы № 79 "Арыс қаласының ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 3 ақпандағы 2015 жылғы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2016 жылғы 09 сәуіріндегі № 16-17 нөмірінде жарияланған) қаулысы;
6. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 10 "Арыс қаласының Дермене ауылдық округі Дермене, Теміржолшы, Орманшы елді мекендері аумағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3215 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 04 шілдедегі № 27 нөмірінде жарияланған) қаулысы;