"Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 276 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 3193 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 29.04.2016 № 148 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 "Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3018 тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпанда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С.Ертай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады