"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 28/135-V "Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2582 тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірдегі "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Төлеби аудандық мәслихатының регламентінде:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төлеби аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ж.Нышанов |
Төлеби аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ә.Шыңғысбаев |