Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 5/22-VI шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ж.Нышанов
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Н.Қойбағаров

  Төлеби аудандық мәслихатының
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 5/22-VІ шешіміне қосымша

Төлеби аудандық мәслихатының күші жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 28/135-V "Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2582 нөмірмен тіркелген, аудандық "Ленгер жаршысы" газетінің 05.04.2014 жылғы 16 санында жарияланған) шешімі;
      2. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/192-V "Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 28/135-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3125 нөмірмен тіркелген, аудандық "Аймақ тынысы" газетінің 20.05.2015 жылғы 21-22 сандарында жарияланған) шешімі;
      3. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 41/201-V "Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3230 нөмірмен тіркелген, аудандық "Ленгер жаршысы" газетінің 18.07.2015 жылғы 29 санында жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады