"Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 28/135-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/192-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3125 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 5/22-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 24.06.2016 № 5/22-VI шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 28/135-V "Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2582 тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірдегі "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Төлеби аудандық мәслихатының регламентінде:
      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төлеби аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ж.Нышанов
      Төлеби аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ә.Шыңғысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады