РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "2015 жылға Күршім ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" № 3549 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 3634 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтардағы аудандық "Рауан", "Заря" газеттерінің № 9 санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 1 тармағы мынадай мазмұндағы 23, 24 тармақшаларымен толықтырылсын:
"23) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін - өзі қамтыған халық;
24) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім | |
ауданының әкімі | А. Сеитов |