Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "2015 жылға Күршім ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" № 3549 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы N 150 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 мамырда N 3969 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 26.08.2016 № 254 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "2015 жылға Күршім ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" № 3549 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 3634 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтардағы аудандық "Рауан", "Заря" газеттерінің № 9 санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Қаулының 1 тармағы мынадай мазмұндағы 23, 24 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "23) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін - өзі қамтыған халық;
      24) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім
      ауданының әкімі А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады