РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттiк кепiлдiктерін қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2015 жылға Күршім ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші- заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
15) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
16) мектептерді, кәсіби оқу мекемелерін бітірген түлектер;
17) "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
18) Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыссыздар;
19) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
20) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
21) 50 жастан асқан әйелдер;
22) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғалар, есірткіге тәуелді адамдар;
23) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін - өзі қамтыған халық;
24) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 12.05.2015 N 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Такенова) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | А.Сеитов |