Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 01.09.2022 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 404 ұсынысы негізінде, Құмкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Жыланды" қыстағында қой малынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.