Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің 03.04.2025 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабаныың 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 231 ұсынысы негiзiнде Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ахметбұлақ ауылына мүйізді ұсақ малдарынан шешек ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажекенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаауыл ауылдық округінің әкiмi | Д. Ниязбеков |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы "25" мамыр 2015 жыл |
Б. Қажыкенов |