Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 мамырдағы "Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің Ахметбұлақ ауылында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп және карантинді алып тастау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 4 сәуірде № 9165-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабындағы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 15 маусымдағы № 365 ұсынысына сәйкес Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тарбағатай ауданы Жаңа ауылдық округінің Ахметбұлақ ауылының аумағында ұсақ малдың шешек ауруымен ауруды жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты карантин алынып тасталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.

      С. Сахиолдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады