Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ахметбұлақ ауылында карантин белгiлеу туралы
ЖаңаШығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 шілдеде № 4019 болып тіркелді
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабаныың 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 231 ұсынысы негiзiнде Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ахметбұлақ ауылына мүйізді ұсақ малдарынан шешек ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажекенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"25" мамыр 2015 жыл
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз