Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 81 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 3834 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 09.02.2016 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) алты айдан жоғары уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
      4) отбасында бір де бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      6) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (бірінші рет жұмыс іздеушілер).
      2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуіріндегі № 137 "Теректі ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3512 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырында "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. М. Тулегенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Нурмаганбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Сериккалиев

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год по Теректинскому району

Постановление акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 26 февраля 2015 года № 81. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 5 марта 2015 года № 3834. Утратило силу постановлением акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 9 февраля 2016 года № 38

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 09.02.2016 № 38 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения", исходя из ситуации на рынке труда и бюджетных средств, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год по Теректинскому району:
      1) безработные, зарегистрированные в уполномоченном органе свыше шести месяцев;
      2) безработные граждане старше пятидесятилетнего возраста;
      3) лица, не работающие длительное время (один год и более);
      4) лица, не имеющие в семье ни одного работающего;
      5) лица, принявшие участие во временных и сезонных работах;
      6) лица, ранее не работавшие (впервые ищущие работу).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Теректинского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Теректинского района от 22 апреля 2014 года № 137 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2014 год по Теректинскому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3512, опубликованное 16 мая 2014 года в газете "Теректі жаңалығы – Теректинская новь").
      4. Руководителю аппарата акима района (М. М. Тулегенов) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Нурмаганбетова.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района Ж. Сериккалиев