Теректі ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 137 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3512 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандагы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 26.02.2015 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту  туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) алты айдан жоғары уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
      4) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      6) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (бірінші рет жұмыс іздеушілер).
      2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Уалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ж. Сериккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады