Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) алты айдан жоғары уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар;
2) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
4) отбасында бір де бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
6) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (бірінші рет жұмыс іздеушілер).
2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуіріндегі № 137 "Теректі ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3512 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырында "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. М. Тулегенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Нурмаганбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Сериккалиев |