Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13279 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі департаменті (Баймұқанов Ж.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын
айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау операцияларын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау операцияларын жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) есеп айырысу бөлімшесі – Ұлттық Банктің клиенттердің банк шотына қызмет көрсететін бөлімшесі;

      2) клиент – мемлекеттік мекемелер, Ұлттық Банктің ұйымдары, акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы Ұлттық Банкке тиесілі ұйымдар, Қазақстан Республикасының таратылатын екінші деңгейдегі банктерінің тарату комиссиялары, Ұлттық Банкте шетел валютасымен ашылған банк шоттары бар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;

      3) операция күні – Ұлттық Банктің төлемдер және ақша аударымдарын қабылдау мен өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;

      4) сауда бөлімшесі – шетел валютасын айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің бөлімшесі;

      5) шетел валютасын айырбастау – Ұлттық Банктің операция жүргізу күніне белгіленген теңгенің шетел валютасына ресми бағамы бойынша Ұлттық Банктің клиентке шетел валютасын теңгеге сату бойынша операциясы;

      6) шетел валютасын қайта айырбастау – Ұлттық Банктің операция жүргізу күніне белгіленген теңгенің шетел валютасына ресми бағамы бойынша Ұлттық Банктің клиенттен шетел валютасын теңгеге сатып алу бойынша операциясы;

      7) шетел валютасын айырбастауға және қайта айырбастауға арналған өтінім – клиенттің Қағидаларға сәйкес ресімделген, есеп айырысу бөлімшесіне ұсынған және шетел валютасын айырбастауға және (немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімде айқындалған талаптармен клиенттің есебінен және мүддесімен шетел валютасын айырбастау және (немесе) қайта айырбастау операциясын жасауға нұсқаудан тұратын құжаты.

2. Ұлттық Банктің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау
және қайта айырбастау операцияларын жүргізу тәртібі

      3. Есеп айырысу бөлімшесі инвестициялық қызметке байланысты емес операциялар үшін шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және шетел валютасын айырбастау бойынша жүргізілетін операциялардың мақсаттарын нақтылау үшін клиенттен қосымша ақпарат сұратады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Ұлттық Банк клиенттен валюта туралы және операциялық күннің кестесіне сәйкес алда болатын айырбастау сомасы туралы мәліметтер қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Клиенттен алда болатын шетел валютасын айырбастау сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін есеп айырысу бөлімшесі Ұлттық Банктің позициясында шетел валютасы жеткіліксіз болған жағдайда сауда бөлімшесіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын сатып алуға арналған жиынтық ордерді ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Шетел валютасын айырбастау және(немесе) қайта айырбастау бойынша операцияларды есеп айырысу бөлімшесі клиенттің Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын айырбастауға (клиенттің теңгеге шетел валютасын сатып алуы) арналған өтінімі (және(немесе) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын қайта айырбастауға (клиенттің теңгеге шетел валютасын сатуы) арналған өтінім негізінде жүзеге асырады.

      8. Клиент шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімді операция күні кестесіне сәйкес Ұлттық Банкке ұсынады және шетел валютасын айырбастау үшін ұлттық валютадағы ақша сомасын клиент Ұлттық Банкке аударады.

      9. Есеп айырысу бөлімшесі шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімді және шетел валютасын айырбастау үшін клиент аударған ұлттық валютадағы ақша сомасын:

      1) шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімдердің Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес болмаған;

      2) шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімді операция күні кестесінде белгіленген мерзімнен кешірек Ұлттық Банкке жіберген;

      3) шетел валютасын айырбастау үшін ұлттық валютадағы ақша сомасын операция күні кестесінде белгіленген мерзімнен кешірек аударған жағдайлардың бірінде орындамай клиентке қайтарады.

      10. Таратылатын екінші деңгейдегі банктердің тарату комиссиясында шетел валютасымен банк шоттары болмаған кезде шетел валютасын айырбастау және(немесе) қайта айырбастау бойынша операциялар және төлемдерді жүргізу олардың жазбаша нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің клиенттер үшін шетел
валютасын айырбастау және қайта
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Шетел валютасын сатып алуға арналған
_________ № жиынтық ордер

Шетел валютасының атауы

Өтінімдердің жалпы сомасы

Валюталау күні

"Ностро" корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар

(өтімді портфель)

Шетел валютасындағы міндеттемелер

1






2






3







      Есеп айырысу бөлімшесінің уәкілетті адамы (ол болмаған кезеңде – оның

      орнындағы адам)

      ______________________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Орындаушы ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефоны

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің клиенттер үшін шетел
валютасын айырбастау және қайта
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім
(клиенттің теңгеге шетел валютасын сатып алуы)
______________ №______

      Клиенттің атауы _______________________________________________

      Клиентке айырбастау операциясын жүзеге асыруға тапсырма берген

      адамның атауы _______________________________________________________

      Клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шетел

      валютасымен банк шотының нөмірі

      ЖСК_________________________________

      Теңге аударуға арналған деректемелер:

      ЖСК_________________________________

      БСК NBRKKZKX

      БСН 941240001151

      Бек 13

      Шетел валютасын сатып алу мынадай мақсаттар үшін жүзеге

      асырылады (мақсатын, құжаттың нөмірі, инвойс, келісімшарт күні,

      тапсырыс):

      _______________________________________________________________

      ТМК 213

      Бек _______________

Валюта түрі

Операцияның валютамен сомасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы

Операцияның теңгемен сомасы


      Өтінімді валюталау күні _______________

      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      _______________________________________________________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Бас бухгалтер ___________________________________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Орындаушы__________________________________ ______ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефоны

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің клиенттер үшін шетел
валютасын айырбастау және қайта
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім
(клиенттің теңгеге шетел валютасын сатуы)
______________ № ______

      Клиенттің атауы _______________________________________________

      Клиентке қайта айырбастау операциясын жүзеге асыруға тапсырма берген

      адамның атауы _______________________________________________________

      Клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шетел

      валютасымен банк шотының нөмірі

      ЖСК_____________________________________________

      Төлем мақсаты: _________________________________

      Алушының теңгемен шотының деректемелері (атауы, коды, ЖСН/БСН,

      БСК, ЖСК, БЕК, БЖК* немесе кірістер коды*):

      ТМК 223

      Бек _______________

Валюта түрі

Операцияның валютамен сомасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы

Операцияның теңгемен сомасы






      Өтінімді валюталау күні _______________

      Өтінімді валюталау күні _______________

      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      ______________________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Бас бухгалтер __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Орындаушы____________________________________ ______ __________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефоны

      * БЖК немесе кірістер коды бюджетке төлемдерді жүзеге асырған кезде

      көрсетіледі

Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций по конвертации и реконвертации иностранной валюты для клиентов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 36. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 февраля 2016 года № 13279. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 196.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.11.2019 № 196 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам неработающих кредитов и активов банков второго уровня, оказания финансовых услуг и деятельности финансовых организаций и Национального Банка Республики Казахстан", Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций по конвертации и реконвертации иностранной валюты для клиентов.

      2. Департаменту финансового учета и мониторинга финансовых операций (Баймуканов Ж.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном

      интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 февраля 2016 года.

Председатель


Национального Банка

Д.Акишев


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 36

Правила проведения Национальным Банком
Республики Казахстан операций по конвертации и реконвертации
иностранной валюты для клиентов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций по конвертации и реконвертации иностранной валюты для клиентов (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и определяют порядок проведения Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) операций по конвертации и реконвертации иностранной валюты для клиентов.

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) расчетное подразделение – подразделение Национального Банка, обслуживающее банковские счета клиентов;

      2) конвертация иностранной валюты – операция Национального Банка по продаже клиенту иностранной валюты за тенге по официальному курсу тенге к иностранной валюте, установленному Национальным Банком на день проведения операции;

      3) заявка на конвертацию и (или) реконвертацию иностранной валюты – оформленный в соответствии с Правилами документ, представляемый клиентом в расчетное подразделение и содержащий указание совершить операцию по конвертации и (или) реконвертации иностранной валюты за счет и в интересах клиента на условиях, определенных заявкой на конвертацию и(или) реконвертацию иностранной валюты;

      4) клиент – государственные учреждения, организации Национального Банка, организации, пятьдесят и более процентов акций (долей) которых принадлежат Национальному Банку, ликвидационные комиссии ликвидируемых банков второго уровня Республики Казахстан, Единый накопительный пенсионный фонд, имеющие банковские счета в иностранной валюте, открытые в Национальном Банке;

      5) операционный день – период времени, в течение которого Национальным Банком осуществляется прием и обработка платежей и переводов денег;

      6) реконвертация иностранной валюты – операция Национального Банка по покупке у клиента иностранной валюты за тенге по официальному курсу тенге к иностранной валюте, установленному Национальным Банком на день проведения операции;

      7) торговое подразделение – подразделение Национального Банка, осуществляющее покупку иностранной валюты для осуществления операции по конвертации иностранной валюты.

2. Порядок проведения Национальным Банком
операций по конвертации и реконвертации
иностранной валюты для клиентов

      3. Расчетное подразделение осуществляет конвертацию иностранной валюты для операций, не связанных с инвестиционной деятельностью, и запрашивает дополнительную информацию у клиента для уточнения целей проводимых операций по конвертации иностранной валюты.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.03.2018 № 49 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 27.03.2018 № 49 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Национальный Банк принимает от клиента сведения о валюте и сумме предстоящей конвертации в соответствии с графиком операционного дня.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.03.2018 № 49 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. После получения от клиента сведений о суммах предстоящей конвертации иностранной валюты расчетное подразделение в случае недостаточности иностранной валюты на позиции Национального Банка представляет в торговое подразделение сводный ордер на покупку иностранной валюты, оформленный по форме согласно приложению 1 к Правилам.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.03.2018 № 49 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Операции по конвертации и(или) реконвертации иностранной валюты осуществляются расчетным подразделением на основании заявки клиента на конвертацию иностранной валюты (покупка клиентом иностранной валюты за тенге), оформленной по форме согласно приложению 2 к Правилам и(или) заявки на реконвертацию иностранной валюты (продажа клиентом иностранной валюты за тенге), оформленной по форме согласно приложению 3 к Правилам.

      8. Заявка на конвертацию и(или) реконвертацию иностранной валюты представляется клиентом в Национальный Банк и сумма денег в национальной валюте для конвертации иностранной валюты перечисляется клиентом в Национальный Банк в соответствии с графиком операционного дня.

      9. Расчетное подразделение возвращает клиенту без исполнения заявку на конвертацию и(или) реконвертацию иностранной валюты и сумму денег в национальной валюте, перечисленную клиентом для конвертации иностранной валюты, в одном из следующих случаев:

      1) несоответствии заявки на конвертацию и(или) реконвертацию иностранной валюты форме, установленной Правилами;

      2) направления заявки на конвертацию и(или) реконвертацию иностранной валюты в Национальный Банк позже срока, установленного графиком операционного дня;

      3) перечисления клиентом суммы денег в национальной валюте для конвертации иностранной валюты позже срока, установленного графиком операционного дня.

      10. При отсутствии у ликвидационной комиссии ликвидируемых банков второго уровня банковских счетов в иностранной валюте операции по конвертации и(или) реконвертации иностранной валюты и проведение платежей осуществляются на основании письменного указания.

  Приложение 1
к Правилам проведения
Национальным Банком
Республики Казахстан
операций по конвертации и реконвертации
иностранной валюты для клиентов

      Форма

      Сводный ордер №

      на покупку иностранной валюты

      от _________

Наименование иностранной валюты

Общая сумма заявок

Дата валютирования

Остатки на корреспондентских счетах "ностро" (ликвидный портфель)

Обязательства в иностранной валюте

1






2






3






      Уполномоченное лицо расчетного подразделения (на период его

      отсутствия – лицо, его замещающее)

      ______________________________________________________ ______________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись

      Исполнитель _________________________________________________________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись телефон

  Приложение 2
к Правилам проведения
Национальным Банком
Республики Казахстан
операций по конвертации и реконвертации
иностранной валюты для клиентов

      Форма

      Заявка

      на конвертацию иностранной валюты

      (покупка клиентом иностранной валюты за тенге)

      № ______ от ______________

      Наименование клиента ___________________________________________

      Наименование лица, по поручению которого, клиентом осуществляется

      операция по конвертации_ ____________________________________________

      Номер банковского счета в иностранной валюте клиента в Национальном

      Банке Республики Казахстан

      ИИК _________________________________

      Реквизиты для зачисления тенге:

      ИИК _______________________

      БИК NBRKKZKX

      БИН 941240001151

      Кбе 13

      Покупка иностранной валюты осуществляется для следующих целей

      (указать цель, номер документа, инвойс, контракт, дата, заказ):

      ________________________________________________________________

      КНП 213

      КБе ______________________

Вид валюты

Сумма
операции
в валюте

Официальный курс
Национального Банка
Республики Казахстан

Сумма операции
в тенге

      Дата валютирования заявки _______________

      Первый руководитель (на период его отсутствия – лицо, его замещающее)

      ___________________________________________________ ______________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись

      Главный бухгалтер ____________________________________ ______________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись

      Исполнитель ____________________________________ _________ __________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись телефон

  Приложение 3
к Правилам проведения
Национальным Банком
Республики Казахстан
операций по конвертации и реконвертации
иностранной валюты для клиентов

      Форма

      Заявка

      на реконвертацию иностранной валюты

      (продажа клиентом иностранной валюты за тенге)

      № ______ от ______________

      Наименование клиента __________________________________________

      Наименование лица, по поручению которого, клиентом осуществляется

      операция по реконвертации ___________________________________________

      Номер банковского счета в иностранной валюте клиента в Национальном

      Банке Республики Казахстан

      ИИК ___________________________________

      Назначение платежа:_____________________________________________

      Реквизиты счета получателя в тенге (наименование, код, ИИН/БИН, БИК,

      ИИК, КБЕ, КБК* или код доходов*):

      КНП 223

      КБе _______________

Вид валюты

Сумма
операции
в валюте

Официальный курс Национального Банка Республики Казахстан

Сумма
операции в тенге





      Дата валютирования заявки _______________

      Первый руководитель (на период его отсутствия – лицо, его замещающее)

      ______________________________________________________ ______________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись

      Главный бухгалтер ____________________________________ ______________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись

      Исполнитель ______________________________________ _______ __________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись телефон

      * КБК или код доходов указывается при осуществлении платежей в бюджет