Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13279 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Есеп айырысу бөлімшесі инвестициялық қызметке байланысты емес операциялар үшін шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және шетел валютасын айырбастау бойынша жүргізілетін операциялардың мақсаттарын нақтылау үшін клиенттен қосымша ақпарат сұратады.";
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұлттық Банк клиенттен валюта туралы және операциялық күннің кестесіне сәйкес алда болатын айырбастау сомасы туралы мәліметтер қабылдайды.
6. Клиенттен алда болатын шетел валютасын айырбастау сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін есеп айырысу бөлімшесі Ұлттық Банктің позициясында шетел валютасы жеткіліксіз болған жағдайда сауда бөлімшесіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын сатып алуға арналған жиынтық ордерді ұсынады.".
2. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы (Баймұқанов Ж.С.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3)-тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |