Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық-құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
27 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары
Ескерту. Нормаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 26.03.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың алаңы |
1-бөлім. "Ішкі істер министрлігі" | |||
1 | Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) | шаршы метр | 0,2 |
2 | Жедел басқару орталығының үй-жайы (бұдан әрі - ЖБО)* | шаршы метр | 48,5 |
3 | Полимеразалық тізбек реакциясы зертханасына арналған үй-жай (бұдан әрі - ПТР-зертхана) | шаршы метр | 164,5 |
4 | Биологиялық зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 107 |
5 | Физикалық-химиялық зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 240,5 |
6 | Криминалистикалық полигонға және оқу сыныбына арналған үй-жай | шаршы метр | 114 |
7 | Баллистикалық зертханаға және суық қаруды зерттеуге арналған үй-жай | шаршы метр | 89,3 |
8 | Трасологиялық зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 25,5 |
9 | Құжаттарды техникалық зерттеуге, қолтаңбатанушылық және криминалистикалық, портреттік зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 42 |
10 | Полиграфологиялық зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 25 |
11 | Автоматтандырылған криминалистикалық есептердің деректерін өңдеуге арналған үй-жай (серверлік) | шаршы метр |
45 |
12 | Тергеуге алынғандардан жауап алуға арналған кабинет | ш.м. | 18 |
13 | "Құпиялылық" режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет | ш.м. | 18 |
14 | Жедел-тергеу тобының кабинеті | ш.м. | 36 |
15 | Қарап тексеру және айырып тану кабинеті | ш.м. | 18 |
16 | Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 36 |
2-бөлім. "Полиция департаменттері" | |||
1 | Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) | шаршы метр | 0,2 |
2 | Қарауыл бөлімін орналастыруға арналған үй-жай | шаршы метр | 36 |
3 | ЖБО үй-жайы* | шаршы метр | 48,5 |
4 | Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай | шаршы метр | 18 |
5 | Тергеудегі адамдарға тергеу жүргізуге арналған үй-жай | шаршы метр | 18 |
6 | Айғақты дәлелдерді сақтауға арналған үй-жай | шаршы метр | 36 |
7 | ПТР-зертхана зертханасына арналған үй-жай | шаршы метр | 115,75 |
8 | Криминалистикалық полигонға және оқу сыныбына арналған үй-жай | шаршы метр | 45 |
9 | Баллистикалық зертханаға және суық қаруды зерттеуге арналған үй-жай | шаршы метр | 62,5 |
10 | Трасологиялық зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 21 |
11 | Құжаттарды техникалық зерттеуге, қолтаңбатанушылық және криминалистикалық, портреттік зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 35,5 |
12 | Одорологиялық есептерге және зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 143,85 |
13 | Полиграфологиялық зерттеулерге арналған үй-жай | шаршы метр | 15 |
14 | Есептегі адамдардың үлгілерін іріктеуге арналған үй-жай | шаршы метр | 45 |
15 | Автоматтандырылған криминалистикалық есептердің деректерін өңдеуге арналған үй-жай (серверлік) | шаршы метр | 31,5 |
16 | "Құпиялылық" режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет | ш.м. | 18 |
17 | Жедел-тергеу тобының кабинеті | ш.м. | 36 |
18 | Қарап тексеру және айырып тану кабинеті | ш.м. | 18 |
3-бөлім. "Өңірлік (аумақтық) ішкі істер органдарының бөліністері" | |||
1 | Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтау үшін үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) | шаршы метр | 0,2 |
2 | Қарауыл бөлімін орналастыруға арналған үй-жай | шаршы метр | 36 |
3 | ЖБО үй-жайы ЖБО* | шаршы метр | 48,5 |
4 | Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай | шаршы метр | 18 |
5 | Тергеудегі адамдарға тергеу жүргізуге арналған үй-жай | шаршы метр | 18 |
6 | Айғақты дәлелдерді сақтауға арналған үй-жай | шаршы метр | 36 |
7 | "Құпиялылық" режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет | ш.м. | 18 |
8 | Жедел-тергеу тобының кабинеті | ш.м. | 36 |
9 | Қарап тексеру және айырып тану кабинеті | ш.м. | 18 |
Ескертпе":
*үлгілік жоба бойынша 75 адамға арналған ЖБО;
*қолдану саласы - Алматы қаласы (Шығыс өңірі), Нұр-Сұлтан қаласы (Солтүстік өңірі), Шымкент қаласы (Оңтүстік өңірі), Атырау қаласы (Батыс өңірі).