Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2017 № 823 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 690 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2012 жылғы 24 шілдеде № 8 болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"5. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністері қызметкерлерінің есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша қызметін ұйымдастыру мақсатында:
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымы саласында жедел жағдайды зерделейді және талдайды, олардың даму үрдісін болжауды, оның таралуына қарсы іс-қимылды жүзеге асыруды және кешенді жоспарлауды өткізуді және белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу саласында ІІО қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келуіне ықпал ететін себептер мен шарттарды, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының өндірілуіне, сату және таралуына, сондай-ақ азаматтарды медициналық емес тұтынуға тартатын адамдарды анықтайды және талдайды. Белгіленген тәртіпте көрсетілген себептер мен шарттарды жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді;
4) жедел-іздестіру қызметінде пайдалану үшін азаматтармен жария немесе жария емес қарым-қатынас орнатады;
5) анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында мынадай жедел-іздестіру қызметін іске асырады:
есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, оның ішінде қызметтік жағдайы, кәсіби қызметі немесе күзетуге байланысты сеніп тапсырылған адамдардың ұрлауын;
есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтары мен прекурсорлармен, көрсетілген заттар мен құралдарды жеткізу немесе тасымалдау арналарымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтар мен ұйымдардың әрекеттерін, не болмаса транзитімен байланысты әрекеттерді;
есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды сатып алу құқығына рецепттерді заңсыз беруді;
есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын заңсыз дайындауды, өңдеуді, сатып алуды, сақтауды, оның ішінде сату мақсатында тасымалдауды немесе жөнелтуді;
есірткі құралдарын немесе құрамында осындай құралдар немесе заттар бар өңдеуге не болмаса оларды өсіруге тыйым салынған дақылдарды сату немесе дайындау мақсатында егістік салуды немесе өсіруді;
есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларың тұтынуға бейім адамдарды;
есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыруды немесе ұстауды;
есірткінің заңсыз айналымынан түскен кірістерді заңдастыруды анықтау, ескерту және жолын кесу мақсатында жүзеге асырады;
6) құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік препараттарды өндірумен, сақтаумен және сатумен айналысатын денсаулық сақтау субъектілерінде тексеру жүргізеді;
7) заңсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын оларды дайындауға арналған шикізаттарды өндіру және пайдалану объектілерін анықтайды;
8) есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша ІІО-ның өзге де бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасады;
9) ІІМ-нің білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жедел-іздестіру қызметіндегі оң тәжірибелерді зерделейді және практикада қолданады, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары және прекурсорлардың заңсыз айналымы саласында ғылыми әзірлемелер және жаңа техникалық құралдар енгізеді;
10) ІІМ-нің білім беру ұйымдарымен қызметкерлерді даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері бойынша іс-қимыл жасасады, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес саласында оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
11) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын тұтынудың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын Қазақстан Республикасының халқы арасында өткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) өзара іс-қимыл жасасады;
12) ІІО бөліністерінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына түсу көздерін мен арналарын жабуға бағытталған арнайы бағдарламалар мен кешенді жедел-профилактикалық операциялар әзірлейді және жүзеге асырады;
13) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында заңды тұлғаларға мемлекеттік лицензиялар мен оларға қосымшаларын беруді жүзеге асырады;
14) есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды және прекурсорларды әкелуге, шығаруға және транзитке заңды тұлғаларға рұқсат беруді, сондай-ақ есірткі құралдарын немесе психотроптық заттар мен прекурсорларды экспортқа және импортқа лицензия беруді жүзеге асырады;
15) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қатысты фактілер мен адамдар туралы автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді және деректер банкін белгіленген тәртіпте толтырады және пайдаланады;
16) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының контрабандасының жолын кесу бойынша шаралар қабылдау мақсатында, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс, ұлттық қауіпсіздік органдарымен, оның ішінде шекара қызметі бөліністерімен іс-қимыл жасауды ұйымдастырады, белгіленген тәртіпте көрсетілген органдардың әрбір құзыретіне жататын құқыққа қарсы қызмет фактілері туралы ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асырады;
17) есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша органдармен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады, есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қатыстылығы туралы ақпарат бар бас бостандығынан айыру орнынан босаған адамдарға бақылауды жүзеге асырады;
18) халықаралық және мемлекетаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес, тікелей немесе құзырлы органдар арқылы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасасады.
19) есірткі құралдары, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес тұтынатын адамдарға ведомстволық есеп жүргізеді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылыққа мониторингті жүзеге асырады. Ведомстволық есеп есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған (әкімшілік құқық бұзушылық) адамдар бойынша, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды тұтыну адамдар бойынша қалыптасады;
20) Қазақстан Республикасы ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
21) нашақорлықтың алдын алуда құқықтық тәрбиені және құқықтық насихаттауды жүзеге асыруда құзырлы органдармен, мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады.
22) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оны теріс пайдалануға қарсы күресті, оның ішінде "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 Заңының 2-тарауы 5-бабының 20-тармағын үйлестіреді".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айнгалымын бақылау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың Ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) ішкі істер органдарының жеке құрамы осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментіне (С.Т. Құсетов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
___________Е. Сағадиев
2016 жылғы "___"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т. Дүйсенова
2016 жылғы 7 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
2016 жылғы "___"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________В. Жұмақанов
2016 жылғы 25 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________Ә. Исекешев
2016 жылғы 9 маусым