"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрінің | |
міндетін атқарушы | М. Мырзағалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25маусымдағы № 273 бұйрығымен бекітілген |
Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұрығымен.
№ | Атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Физикалық-химиялық көрсеткіштері2 | Нормалары1 |
---|---|---|---|---|
1 | Тікелей айдау нафтасы мен оған ұқсастар |
2710 12 110 9 |
1) Тығыздығы 20оС кезінде |
0,690 г/см3 төмен емес |
2 | Керосин-газойлдік фракция және оған ұқсастар |
2710 19 110 0 |
1) Тығыздығы 20оС кезінде |
0,860 г/см3 аспайтын |
3 | Тікелей айдау мазуты |
2710 19 510 1 |
1) Фракциялық құрамы: |
8% аспайтын |
4 |
Пайдаланылған мұнай өнімдерінің қоспасы (ПМҚ)3 |
2710 91 000 0 |
1) Механикалық қоспаның массалық үлесі |
1,0 % аспайтын |
Ескертпе:
1. ЦНТ – ЦНТ маркалы колориметрде түсті өлшеу бірлігі;
2. ВУБ – ВУБ маркалы шартты тұтқырлығын анықтау аппараты;
3. Өңдеу өнімдеріне физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша нормалар Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарында (ҚР МӨЗ) кіріс бақылауын жүргізу үшін белгіленген;
4. ҚР МӨЗ-дермен уағдаласа отырып, қосымша физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша нормаларды белгілеуге жол беріледі;
5. Тізбенің 1-3 тармақтарында көрсетілген өңдеу өнімдерінде екінші рет өңделген өнімдердің болуына жол берілмейді.