"Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 209 бұрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 24 тамызда № 15549 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14017 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      "___" __________ 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 25маусымдағы
№ 273 бұйрығымен
бекітілген

Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі

Атауы ЕАЭО
СЭҚ ТН коды
Физикалық-химиялық көрсеткіштері2 Нормалары 1
1

Тікелей айдау нафтасы мен оған ұқсастар

2710 12 110 9
2710 12 150 9

1) Тығыздығы 20оС кезінде
2) Фракциялық құрамы:
-қайнаудың басталуы
-қайнаудың аяқталуы
3) Күкірттің құрамы
4) Нақты шайыр құрамы
5) Йод саны
6) Қорғасын құрамы
7) Азот құрамы
8) Қышқылдығы
9) Механикалық қоспа мен судың құрамы
10) Еритін қышқылдар мен сілтілердің құрамы
11) Түсі

0,690 г/см3 төмен емес
Нормаланбайды
205оС жоғары емес
0,1 % масс. Аспайтын
2,0 мг/100 см3 аспайтын
1,0 г /100 г аспайтын
Жоқ
2,0 салм. ррм аспайтын
1,0 мг аспайтын КОН 100см3
жоқ
жоқ
мөлдір, түссіз

2

Керосин-газойлдік фракция және оған ұқсастар

2710 19 110 0
2710 19 150 0
2710 19 350 0

1) Тығыздығы 20оС кезінде
2) Фракциялық құрамы:
50 % температура кезінде айдалады
95 % температура кезінде айдалады
3) Күкірттің құрамы
4) Қату температурасы
5) Механикалық қоспа мен судың құрамы
6) Еритін қышқылдар мен сілтілердің құрамы
7) Қышқылдығы

0,860 г/см3 аспайтын
280оС жоғары емес
360оС жоғары емес
0,2 % масс. аспайтын
минус 10оС жоғары емес
жоқ
жоқ
5,0 мг КОН/100 см3 аспайтын

3

Тікелей айдау мазуты

2710 19 510 1
2710 19 550 1
2710 19 620 1

1) Фракциялық құрамы:
360оС –дейін шығу
2) Күлділігі
3) Ашық тиглдегі жарқыл температурасы
4) Күкірттің құрамы
5) Судың құрамы
6) 360оС дейін фракцияның бромды саны

8% аспайтын
0,05% аспайтын
110оС төменемес
1,0 % масс. Аспайтын
0,15 % масс. Аспайтын
5,0 г /100 г аспайтын

4

Пайдаланыл
ған мұнай өнімдерінің қоспасы (ПМҚ)3
 

2710 91 000 0
2710 99 000 0

1) Механикалық қоспаның массалық үлесі
2) Судың массалық үлесі

1,0 % аспайтын

2,0 % аспайтын

      Ескертпе:
      1. ЦНТ – ЦНТ маркалы колориметрде түсті өлшеу бірлігі;
      2. ВУБ – ВУБ маркалы шартты тұтқырлығын анықтау аппараты;
      3. Өңдеу өнімдеріне физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша нормалар Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарында (ҚР МӨЗ) кіріс бақылауын жүргізу үшін белгіленген;
      4. ҚР МӨЗ-дермен уағдаласа отырып, қосымша физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша нормаларды белгілеуге жол беріледі;
      5. Тізбенің 1-3 тармақтарында көрсетілген өңдеу өнімдерінде екінші рет өңделген өнімдердің болуына жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады