"Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14100 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 2-тармағының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10941 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық бөлігін іске асыру туралы есепті табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жартылдық есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей жартыжылдық негізде ұсынады;";

      20-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мұнай өнімдерін өндірушілер табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы уәкілетті органға "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10594 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Қағидасының 8-қосымшасына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын іске асыру туралы есепті береді.

      Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепке инвестициялық бағдарламаны өткізілуін растайтын құжаттар (тиісті шарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер), орындалған жұмыстардың құны және шығындар туралы анықтама, шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдау актілері, ішкі жүкқұжаттар, мұнай өнімдерін өндірушілердің пайдалануға беру және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса беріледі.

      Қажет болған жағдайда Уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын Ведомствалық мемлекеттiк орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________Бишімбаев Қ.У.

      2016 жылғы "___" __________



О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 237 "Об утверждении Правил разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 277. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2016 года № 14100. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 7 июня 2022 года № 202.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 07.06.2022 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 237 "Об утверждении Правил разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10941, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 5 июня 2015 года) следующие изменения:

      в Правилах разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) производитель нефтепродуктов – юридическое лицо, имеющее на праве собственности и (или) иных законных основаниях нефтеперерабатывающий завод и осуществляющее производство нефтепродуктов в соответствии с паспортом производства, а также реализацию произведенных собственных нефтепродуктов и (или) передачу нефтепродуктов, являющихся продуктом переработки давальческого сырья;";

      подпункт 2) пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "2) в ведомство государственного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, на полугодовой основе не позднее двадцать пятого числа месяца, следующего за отчетным полугодием.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Производители нефтепродуктов представляют в ведомство государственного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, отчет об исполнении инвестиционной программы по форме согласно приложению 8 к Правилам ценообразования на регулируемых рынках, утверждения и корректировки инвестиционной программы (проекта) субъекта регулируемого рынка, утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 174 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10594).

      К отчету о реализации инвестиционной программы прилагаются документы, подтверждающие реализацию инвестиционной программы (копии соответствующих договоров, акты о приемке выполненных работ (форма № 2), справка о стоимости выполненных работ и затрат (форма № КС-3), счет–фактуры, акты приемки в эксплуатацию государственных приемочных комиссий, внутренние накладные, внутренние приказы производителей нефтепродуктов о вводе в эксплуатацию и принятии на баланс).

      Уполномоченный орган и ведомство государственного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, письменно запрашивают у производителя нефтепродуктов дополнительную информацию, необходимую для рассмотрения отчета о реализации инвестиционной программы.".

      2. Департаменту развития нефтяной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _____________ Бишимбаев К.В.

      "___" __________ 2016 года