Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10594 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Қоса беріліп отырған Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 2 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы 3 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 174 бұйрығымен бекітілген

Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес әзірленді және реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету тәртібін белгілейді.

      Қағидалар мынадай іске асыру кезеңдерін көздейді:

      1) баға жобасының сараптамасы үшін ақпарат пен хабарламаны ұсыну;

      2) реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға белгілеу;

      3) реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) баға белгілеу – тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және өнімге, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;

      2) босату бағасы – реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;

      3) отын алымы – есептеген кезде өсуін ескеру мүмкін болмаған тасымалдауға арналған тариф қолданылатын кезеңде авиациялық отынға шығындардың өсуін өтеу мақсатында авиакомпания алатын алым;

      4) инвестициялық бағдарлама – бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттелетін нарық субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;

      5) монополиялық өндірілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) – тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие реттелетін нарық субъектілері өндіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

      6) негізделген баға – реттелетін нарық субъектісі ұсынған осындай шығындар мен пайданың негізділігін растайтын құжаттарға сәйкес реттелетін нарық субъектісінің негізделген шығындары мен пайдасының негізінде, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып жүргізген сараптаманың негізінде айқындалған баға;

      7) өзіндік құн – уәкілетті органның ведомствосы монополиялық өндірілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) және (немесе) өнімнің, тауардың және көрсетілетін қызметтің бағасында ескеретін шығындар жиынтығы;

      8) реттелетін нарықтар – реттелетін нарық субъектілері үшін Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;

      9) реттелетін нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) – мыналар:

      реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайларға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімді, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді өткізетін (табиғи, мемлекеттік монополия субъектілерін және энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      12) шекті баға – тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде реттелетін нарық субъектісі осы Қағидаларға сәйкес белгілеген және бағаға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы негізді деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.

2. Баға жобасының сараптамасы үшін ақпарат пен
хабарлама ұсыну тәртібі

      3. Уәкілетті органның ведомствосы Қағидаларға сәйкес Субъекті жоспарлаған бағаға сараптама жүргізеді.

      Субъектілер уәкілетті органның ведомствосына:

      1) бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген не өнімнің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты жазбаша нысанда;

      2) кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – 1-қосымшаға сәйкес хабарлама) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себебін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы хабарламаны жазбаша нысанда (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығының субъектілерін қоспағанда);

      3) бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосының талабы бойынша реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын уәкілетті орган белгілеген мерзімде бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады.

      4. Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларда Субъекті:

      1) көтеру себептерін растайтын құжаттармен (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті (жасалған) шарттардың көшірмелерін) қоса, бағаны көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны;

      2) әрбір қызмет түрі бойынша бағалар жобасын немесе босату бағасын;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 тіркелген, "Жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен (бұдан әрі – № 143 Бұйрық) бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік теңгерімді;

      4) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пайдалар мен залалдар туралы есепті;

      5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тiркелген, "Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есепті;

      6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 тiркелген, "Кәсіпорындардың қаржысы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті;

      7) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ақшалай қаражаттың және материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есепті;

      8) шығындар баптары бойынша таратып жазылған жалпы кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жекелеген, бағалар жобасын (босату бағаларын) есептеу үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректерді;

      9) қолданылып отырған еңбекақы төлеу жүйесі туралы деректерді;

      10) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, қызметкерлердің нормативтік саны туралы деректерді;

      11) ол болған жағдайда, есепке алу саясатын;

      12) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) (бар болса);

      13) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      14) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      15) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есептерін;

      16) өткізудің жоспарланған көлемін растайтын құжаттар-ниет хаттамаларын, шарттарды, өндіру (жеткізу) көлемдерінің есептемелерін, жобалық қуат және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ өндіру (жеткізу) көлемдері төмендеген кезде Субъектілер негіздемені ұсынады;

      17) таратылып жазылған дебиторлық және кредиторлық берешекті ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Отын алымының енгізілуіне байланысты бағалардың алдағы уақытта көтерiлетіні туралы хабарламаға:

      1) авиатасымал қызметтерін көрсету бойынша бағалардың жобасы;

      2) авиациялық отын құнының өсуін растайтын шарттардың көшірмелері;

      3) әрбір авиациялық маршрутқа және әуе кемесінің типіне отын қажеттілігінің есебі қоса беріледі. Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы мұндай жағдайға қолданылмайды.

      6. Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлiк есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына Субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қолдарын қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

      Бұл ретте, негіздейтін материалдар ретінде өтінім беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі шығындар туралы нақты деректер ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына
(жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға белгілеу тәртібі

      7. Өнімге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды қалыптастыру өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

      Субъектіде өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша шығындарды бөлек есепке алуы болмаған жағдайда, Субъектінің шығындары Субъектінің жалпы шығындарындағы кірістердің үлес салмағы (көлемі, өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін Субъектінің белгілі бір қызмет түріне жататын шығындарды айқындауды көздейтін жанама әдістердің негізінде өткізілетін өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша бөлінеді.

      8. Субъектінің өніміне (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) Субъект жоспарлап отырған бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге) тікелей жататын шығыстар, сондай-ақ негіздеуші материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржы құжаттары) расталған шығыстар ескеріледі, оның ішінде:

      1) растайтын құжаттарда (шарттарда, шот-фактураларда) көзделген бағаларға және өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделіп айқындалатын материалдық шығыстар;

      2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар бағаларды қалыптастыру кезінде ескеріледі, бұл ретте, еңбекақы төлеу шығыстарын айқындау кезінде нормативтік саннан аспайтын (болған кезде) персоналдың (әкімшілік-басқару және өндірістік) нақты саны және инфляция деңгейінің болжамды өзгерісі ескеріліп, қолданыстағы бағаларда қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;

      3) амортизациялық аударымдар, олар Субъектінің есепке алу саясатында көзделген әдіс пайдаланылып айқындалады және негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға бағытталады;

      4) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, оның ішінде Субъектіде сенімгерлікпен басқарудағы объектілер бойынша (егер сенімгерлікпен басқару шарты негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін осындай жөндеу жүргізу туралы талапты қамтыған жағдайда) Субъекті жұмсайтын қаражаттар осындай жұмыстың қажеттілігін растайтын құжаттардың (осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растау, жиынтық сметалық есептемелер, объектілік, жергілікті және ресурстық сметалар (әрбір объект бойынша жеке) және т.б.) негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі;

      5) монополиялық өндірілетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тікелей жататын өзге өндірістік шығыстар тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне салалық ерекшеліктер ескеріліп, растайтын құжаттардың негізінде енгізіледі;

      6) бекітілген инвестициялық бағдарлама (жоба) болған кезде, бағаларында инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлемі ескерілетін шығыстар;

      7) егер реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу оларды көрсету фактісі бойынша жүргізілген жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті айналым қаражатын толтыруға тартылған қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеміне арналған шығыстар;

      8) сатып алынатын аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік көрсетілетін қызметтердің шығыстары;

      9) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу шығыстары;

      10) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары ескеріледі.

      9. Субъекті жоспарлап отырған бағаға енгізілетін пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға және амортизациялық аударымдарға қажетті қаражат ескеріліп шектеледі.

      Субъектілер инвестицияларды өз және (немесе) қарыз қаражаттары есебінен жүзеге асырады. Өз қаражаттарының көздері пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.

      Қарыз қаражаттарын қайтару пайда (таза кіріс) және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

      Субъектіде Қағидаларға сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда, реттеліп көрсетілетін қызметтің жоспарланған бағасына енгізілетін Субъекті пайдасының деңгейі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткішінен (инфляция) аспайтын реттеліп көрсетілетін қызметтен алынған пайданың нақты деңгейіне сүйене отырып айқындалады.

      10. Субъекті жоспарлаған бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге тікелей жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржы құжаттары) расталмаған шығыстар ескерілмейді, оның ішінде:

      1) өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру (көрсету) кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;

      3) үмітсіз борыштар;

      4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсім, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;

      5) кірісті жасырғаны (кеміткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

      6) ұрлықтан келген залалдар;

      7) қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелер өндірісінде қолданысқа енгізілмеген активтерді ұстау;

      8) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын ұстау;

      9) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;

      10) ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерін, пайызсызды қоса алғанда өтеу;

      11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу ұстау;

      12) бау-бақша серіктестіктерін абаттандыру (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);

      13) демеушілік көмек көрсету;

      14) ақаудан болған ысыраптар;

      15) өндірісті вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, тауар нарығы субъектілерінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегі орындарды сатып алу, жалдау және ұстау;

      16) мерейтойлар күніне немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін сыйлықтарды сатып алу шығыстары;

      17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуы және жетіспеушілігі, басқа өндірілмейтін шығыстар;

      18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлық беруге және сыйақылардың басқа да нысандарының шығыстары;

      19) өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтерді, лекцияларды, көрмелерді, пікірталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды өткізу және ұйымдастыру шығыстары;

      20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға арналған мүшелік жарналар шығыстары;

      21) білім беру ұйымында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеу шығыстары;

      22) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, Субъектінің қаражаты есебінен қызметкерлердің және олардың балаларының емделуіне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеу шығыстары;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (Субъекті өз қызметкерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүлікті сақтандыру шарттары бойынша Субъекті төлеп отыратын жарналар);

      24) қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс), оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеу шығыстары;

      25) еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа, Субъектінің қызметкерлеріне жеңілдіктер;

      26) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлеріндегі балалардың тамақтану құнын өтеу шығыстары;

      27) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударымдар;

      28) банктер және тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банк операцияларының жекелген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызмететрдің шығыстары;

      29) консалтингтік компаниялар көрсететін қызметтердің шығыстары ескерілмейді.

      11. Субъектінің шекті бағаны көтеру туралы хабарламасын қараудан бас тарту себептері:

      1) Субъектінің хабарламаны ұсыну мерзімін бұзуы;

      2) Субъектінің Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

      3) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмеуі болып табылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       12. Уәкілетті орган ведомствосының талабы Субъекті Заңның 7-3-бабының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына қосымша ақпаратты жазбаша нысанда ұсынады.

      Мұндай жағдайда қарау мерзімі нарық субъектісі тиісті ақпаратты ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте, шекті бағаны енгізу күні нарық субъектісінің тиісті ақпаратты ұсыну күніне ауыстырылады.

      13. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі – 1-қосымшаға сәйкес хабарлама) сәйкес бағаның алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарламаны немесе босату бағалары ақпаратты, немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде ұсынылған ақпаратты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосы Субъектіге:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды) сәйкес нысан бойынша бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәледі қорытынды;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын/ жабдықтау үстемеақысын, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны/ жабдықтау үстемеақысын және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлық газды өткізудің шекті бағасын (филиалдар бөлінісінде) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға

      (бұдан әрі – 3-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды) сәйкес қолданыстағы немесе жобаланған бағаны негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      Баға сараптамасының нәтижелерi бойынша, отын алымының енгізілуіне байланысты бағалардың алдағы көтерiлуi туралы 1-қосымшаға сәйкес хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей уәкілетті органның ведомствосы Субъектiге:

      1) бағаны көтеруге тыйым салу туралы 2-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын/ жабдықтау үстемеақысын, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны/ жабдықтау үстемеақысын және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлық газды өткізудің шекті бағасын (филиалдар бөлінісінде) қоса бере отырып, қолданыстағы немесе жобаланған бағаны негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы 3-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды жібереді.

      Дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы бұл туралы Субъектіні осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.

      Дәлелді қорытынды Субъектіге пошта арқылы хабарламамен жіберіледі не оның өкіліне қолын қойғызып қолма қол беріледі.

      14. Субъекті алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органның ведомствосына жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не Субъекті босату бағалары туралы ақпаратты не Қағидалардың сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.

      15. Субъекті Заңның 7-2-баының 4-тармағына сәйкес шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органның ведомствосына бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.

      16. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ Заңның 7-3-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы Субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады.

      Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда, уәкілетті органның ведомствосы Қағидаларға сәйкес бағаға сараптама жүргізеді және қолданыстағы бағаны төмендету туралы тиісті шешім шығарады.

      17. Тауарлық газға баңға белгілеуге қатысты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9354 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауарлық газға реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларын есептеу әдістемесіне сәйкес тұтынушылардың топтары бойынша әртүрлі бағалар деңгейлерін белгілеуге жол беріледі.

      18. Бағалардың негізділігін қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы:

      жоспарланып отырған баға жобаларын сол тауар нарығында басқа субъектілер белгілеген немесе салыстырмалы тауар нарықтарындағы, оның ішінде қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі тауар нарықтарындағы ұқсас тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларымен;

      Субъекті қолданатын өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының нормаларын және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тиісті салалық нормалармен немесе салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін субъектілер қолданатын нормалармен салыстыру жолымен;

      Субъекті персоналына еңбекақы төлеу шығыстарын салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін нарық субъектілерінің еңбекақы төлеу шығындарымен;

      Субъекті бағаларының ұлғаюына әсер ететін басқа да шығыстарын салыстырмалы талдау жолымен сараптама жүргізеді.

      Отын алымының енгізілуіне байланысты бағаның негізділігін қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы Субъекті ұсынған авиациялық отын құнының өсуін растайтын, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарға талдау жасау негізінде бағаларға сараптама жүргізеді.

      19. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Баға сараптамасының қорытындысы бойынша сәйкес бағаларды алдағы уақытта көтеру туралы 1-қосымшаға хабарламаны немесе босату бағалары туралы ақпаратты, немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде ұсынылған ақпаратты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосы Субъектіге:

      1) бағаны көтеруге тыйым салу туралы 2-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын/жабдықтау үстемеақысын, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны/ жабдықтау үстемеақысын және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлық газды өткізудің шекті бағасын (филиалдар бөлінісінде) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға (бұдан әрі – 3-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды) сәйкес қолданыстағы немесе жобаланған бағаны негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      Баға сараптамасының нәтижелерi бойынша, отын алымының енгізілуіне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей уәкілетті органның ведомствосы Субъектiге:

      1) бағаны көтеруге тыйым салу туралы 2-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар сметасын/ жабдықтау үстемеақысын, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны/ жабдықтау үстемеақысын және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлық газды өткізудің шекті бағасын (филиалдар бөлінісінде) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға (бұдан әрі – 3-қосымшаға сәйкес дәлелді қорытынды) сәйкес қолданыстағы немесе жобаланған бағаны негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      Дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы бұл туралы Субъектіні осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.

      Дәлелді қорытынды Субъектіге пошта арқылы хабарламамен жіберіледі не оның өкіліне қолын қойғызып қолма қол беріледі.

      21. Дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы бұл туралы реттелетін нарық субъектісін Қағиданың 20-тармағында көзделген мерзімде хабардар етеді.

      Дәлелді қорытынды Субъектіге пошта арқылы хабарламамен жіберіледі не оның өкіліне қолын қойғызып қолма қол беріледі.

      Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органның ведомствосына жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі Заңның 7-3-бабының 1) тармақшасына сәйкес ақпаратты не реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.

      22. Субъекті шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органның ведомствосына бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты Заңның 7-2-бабы 4-тармағына сәйкес баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.

      23. Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің келісілген шекті бағасында ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) тасымалдау шығыстары орындалмаған жағдайда, уәкілеттің органның ведомствосы келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) тасымалдау бойынша іс жүзіндегі шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына келісілген шекті бағаны төмендету туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағаны алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарау барысында жобаланған бағаны келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) тасымалдау бойынша іс жүзіндегі шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына төмендетеді.

      Егер электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінде келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) тасымалдау бойынша іс жүзіндегі шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде залал пайда болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағаны алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарау барысында осындай залалды туындаған айырмаға шекті бағаны ұлғайту арқылы өтейді.

4. Реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету тәртібі

      24. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, тиісті кезеңге жүйелерді қалпына келтірудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың салалық және жергілікті бағдарламаларының бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін әзірленеді.

      25. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен кезде ол реттелетін нарық субъектісі тауарының (жұмысының, көрсетілетін қызметінің) шекті бағасында ескеріледі.

      26. Инвестицияға жұмсалған шығыстарды шекті бағаға енгізу үшін Субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге уәкілетті органның ведомствосына мынадай материалдарды:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттелетін нарық субъектісінің жоспарланған инвестициялық бағдарламасын (жобасын);

      2) баға деңгейін салыстырмалы талдауды қоса, сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны көрсетілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпаратты;

      3) қаржыландырудың, оның ішінде қарыз ресурстарының (қарыз қаражаты бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, қарыз қаражатын қайтару мерзімдері мен шарттары) болжамды мөлшерін және алдын ала шарттарын растайтын құжаттарды;

      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылған жағдайда, оны қаржыландыру мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттармен қоса, еркін нысанда өтінім береді.

      Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

      Субъектінің жоспарланған инвестициялық бағдарламасы (жобасы) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен немесе босату бағалары туралы жазбаша нысандағы ақпаратпен бір мезгілде беріледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       27. Уәкілетті органның ведомствосы:

      1) Субъектінің жоспарланған инвестициялық бағдарламасын (жобасын);

      2) бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны);

      3) орындау туралы ақпаратты талдауды түзетеді.

      28. Субъекті уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылдың

      1 қазанынан кешіктірмей инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы.

      29. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:

      1) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдармен (бизнес-жоспар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама) қоса, түзетулер ескеріле отырып, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;

      2) субъектінің негіздейтін материалдармен қоса, инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізу қажеттілігі туралы бағалауы;

      3) қаржыландыру мен қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары;

      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлiк есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       30. Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Инвестициялық бағдарламаның бекітілген сомасы төмендеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы субъектінің шекті бағасын төмендетеді.

      31. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тартылған жағдайда, оның ішінде түзетулерді ескере отырып, уәкілетті органның ведомствосы, оның ішінде түзетуді ескере отырып, Субъектіге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы дәлелді қорытынды жолдайды.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қараудан немесе бекітуден бас тартуға негіз Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және (немесе) толық көлемде ұсынбау және 26-тармағының екінші және үшінші бөлігіне сәйкес келмеу болып табылады.

      Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетуден бас тарту үшін Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және (немесе) толық көлемде ұсынбау және 29-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмеу болып табылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       32. Осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, реттелетін нарық субъектісі уәкілетті органның ведомствосына шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау не орындамау туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті орган "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекіткен нысан бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       33. Уәкілетті органның ведомствосы реттелетін нарық субъектісінің осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы жартыжылдық ақпаратын қарайды және оны орындамаған жағдайда жыл қорытындысы бойынша реттелетін нарық субъектісіне шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті қайтару туралы нұсқама енгізеді. Реттелетін нарық субъектісіне енгізілген осы тармақта көрсетілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарпық субъеъктісінің бағаларына Заңның 7-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес сараптама жүргізу кезінде уәкілетті органның ведомствосы Заңның 17-бабының 2-тармағында және 14-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен жария тыңдаулар өткізеді.

  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Бағаны алдағы уақытта көтеру туралы хабарлама

      1. Реттелетін нарық субъектісінің атауы______________________________

      2. Реттеліп көрсетілетін қызмет түрі ________________________________

      3. Жоспарланған іс-әрекеттер ________________________________________

       (бағаны алдағы уақытта көтеру туралы ақпарат)

      4. Реттелетін нарық субъектісі бағаны көтеруді жоспарлаған күн_______

      5. Қоса беріліп отырған құжаттар (материалдар)_______________________

      Басшы А.Ә.Т. (болған жағдайда)

       Мөр орны

  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Уәкілетті орган _______________________________(реттелетін нарық субъектісінің атауы) _____________________________көрсетілетін қызметтерге (көрсетілетін қызметтердің түрлері) бағаларды алдағы көтеру туралы хабарламасын қарап, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 3-тармағына және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10594 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген, Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (субъектінің атауы, көрсетілетін қызметтер) бағаны көтеруге тыйым

      салатыны туралы хабарлайды.

      Негіздеме____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басшы А.Ә.Т. (болған жағдайда)

       Мөр орны (ол болған кезде)

  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қолданыстағы немесе жобаланған бағаны негізделген бағаның
деңгейіне дейін төмендету жөніндегі дәлелді қорытынды

      Уәкілетті орган _________________________________ (реттелетін нарық субъектісінің атауы) ___________________________________ көрсетілетін қызметтерге (көрсетілетін қызметтердің түрлері) бағаларды алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарап, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес _____________ реттеліп көрсетілетін қызметтерге

      (көрсетілетін қызметтер, субъектінің атауы, қолдану күні) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін қосымшаға сай төмендету қажеттілігі туралы хабарлайды.

      Негіздеме______________________________________________________

      _____________(қолданыстағы немесе жобаланған бағаны төмендету себебі)

       Басшы А.Ә.Т. (болған жағдайда)

       Мөр орны

  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шығыстар сметасы/жабдықтау үстемеақысы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2016 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Келісілді

I

Қызметтер ұсынуға шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


1

Материалдық шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


1.1

Өзге материалдар

мың теңге


1.2

ЖЖМ

мың теңге


2

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


2.1

Жалақы

мың теңге


2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге


3

Амортизация

мың теңге


4

Өзге шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



4.1

қосалқы бөлшектер

мың теңге


4.2

автокөлікті ұстау шығыстары

мың теңге


4.3

қызметкерлерді сақтандыру

мың теңге


4.4

автокөлікті сақтандыру

мың теңге


4.5

кеңсе тауарларына шығыстар

мың теңге


4.6

баспахана көрсететін қызметтерге шығыстар

мың теңге


4.7

жылжымайтын мүлікті жалдау шығыстары

мың теңге


4.8

коммуналдық көрсетілетін қызметтер

мың теңге


4.9

объектіні күзету шығыстары

мың теңге


4.10

өрт сөндіру құралдарына шығыстар

мың теңге


4.11

жол жүру билеттері

мың теңге


4.12

медициналық тексеру

мың теңге


4.13

негізгі құралдарды жөндеу

мың теңге


4.14

кадрларды оқыту

мың теңге


II

Кезең шығыстары

мың теңге


5

жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



5.1

еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге


5.2

ӘБП жалақысы

мың теңге


5.3

әлеуметтік салық

мың теңге


5.4

амортизация

мың теңге


5.5

салық төлемдері мен алымдар

мың теңге


5.6

іссапар шығыстары

мың теңге


5.7

байланыстың көрсетілетін қызметтері

мың теңге


5.8

аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

мың теңге


5.9

банктің көрсетілетін қызметтері

мың теңге


5.10

басқа да шығыстар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



5.10.1

ЖЖМ

мың теңге


5.10.2

қосалқы бөлшектер

мың теңге


5.10.3

автокөлікті ұстау шығыстары

мың теңге


5.10.4

автокөлікті сақтандыру

мың теңге


5.10.5

нотариалдық көрсетілетін қызметтердің шығыстары

мың теңге


5.10.6

қызметкерлерді сақтандыру шығыстары

мың теңге


5.10.7

баспахана көрсететін қызметтерге шығыстар

мың теңге


5.10.8

мерзімді басылым шығыстары

мың теңге


5.10.9

кеңсе тауарларына шығыстар

мың теңге


5.10.10

1С қызмет көрсету шығыстары

мың теңге


5.10.11

оргтехникаға қызмет көрсетуг шығыстары

мың теңге


5.10.12

пошта көрсететін қызметтерге шығыстар

мың теңге


5.10.13

өзге материалдарға шығыстар

мың теңге


5.10.14

хабарландыруларға шығыстар

мың теңге


5.10.15

автокөлікті жалдау және оған қызмет көрсету

мың теңге


5.10.16

ақпараттық көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.17

күзет көрсететін қызметтер

мың теңге


5.10.18

заңгерлік көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.19

негізгі құралдарды жөндеу

мың теңге


5.10.20

консультациялық көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.21

бағдарламалық қамсыздандыруды қолдау бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.22

жабдықты техникалық сүйемелдеу бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.23

компьютерлерді/жабдықты жалдау

мың теңге


5.10.24

бейнебақылау көрсететін қызметтер

мың теңге


5.10.25

"кол-орталық" жабдығын сүйемелдеу

мың теңге


5.10.26

"электрондық кезекке" қызмет көрсету бойынша шығыстар

мың теңге


6

Қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге шығыстар

мың теңге


III

Жабдықтау үстемеақы бойынша барлық шығын

мың теңге


IV

Пайда

мың теңге


V

Барлық кіріс

мың теңге


VI

Өткізу көлемі

мың кВтсағ.


VII

ҚҚС есепке алынбай өткізу құрамдас

теңге/кВтсағ.


  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге шекті баға/жабдықтау үстемеақысы

р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Келісілді

I

Тауарларды өндіру және көрсетілетін қызметтерді ұсыну шығындары, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


1

Материалдық шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


1.1

материалдар

мың теңге


1.2

отын

мың теңге


1.3

электр энергиясы

мың теңге


2

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге



оның ішінде



2.1

Жалақы

мың теңге


2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге


3

Амортизация

мың теңге


4

Жөндеу

мың теңге


5

Бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер

мың теңге


6

Өзге шығындар (таратып жазу)

мың теңге


II

Кезең шығыстары

мың теңге


7

Жалы және әкімшілік шығыстар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



7.1

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге


7.2

Жалақы

мың теңге


7.3

Әлеуметітк салық

мың теңге


7.4

Амортизация

мың теңге


7.5

Салықтар

мың теңге


7.6

Іссапар шығыстары

мың теңге


7.7

Байланыс көрсететін қызметтер

мың теңге


7.8

Банк көрсететін қызметтер

мың теңге


7.9

Басқа да шығыстар (таратып жазу)

мың теңге


8.

Сыйақы төлеуге шығыстар

мың теңге


III

Барлық шығын

мың теңге


IV

Пайда

мың теңге


V

Барлық кіріс

мың теңге


VI

Көрсетілетін қызметтердің көлемі

заттай көріністе


VII

Баға (жабдықтау үстемеақысы)

теңге


Анықтамалық:


Персоналдың тізім бойынша орташа саны,

адам



оның ішінде:




өндірістік

- " -



әкімшілік

- " -



Орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

теңге



өндірістік персоналдың

- " -



әкімшілік персоналдың

- " -



      * шығындар көрсетілетін қызметке байланысты қажет болған жағдайда кеңейтілуі мүмкін

  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Тауарлық газды өткізудің шекті бағасы (филиалдар бөлінісінде)

Атауы

Өлшем бірлігі

Деңгей

1

Тауарлық газдың көтерме сауда бағасы (немесе сатып алу бағасы)

теңге/1000м3


2

Тауарлық газды тасымалдауға тариф



3

Газды өткізу бойынша жабдықтау үстемеақысы



4

Тауарлық газдың шекті бағасы
Жиыны



  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Жоспарланған инвестициялық бағдарлама (жоба)

      Реттелетін нарық субъектісінің ____ жылға

      субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау

      барысы туралы/ инвестициялық бағдарламаны (жобаны)*

      орындау туралы ақпараты

      _____________________________________________________________________

       реттелетін нарық субъектісінің атауы, қызмет түрі, бағдарламаны

      (жобаны) кім бекітті (бұйрықтың күні, нөмірі)

р/с

Қаржыландыру көздерінің бөлінісінде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы ақпарат, мың теңге

Іс-шаралардың атауы

Өлшем бірлігі
(заттай көрсеткіштер үшін)

Заттай көрсеткіште гі сан

Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) сомасы, мың теңге

Өз қаражаттары

Қарыз қаражаттары

Бюджет қаражаттары




жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

ауытқуы

Ауытқу себептері

жоспар

факт

ауытқуы

Ауытқу себептері

жоспар

факт

1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

1

















1.1.

















….

















2.

















….



































      Ұйымның басшысы ________________(А.Ә.Т.., қолы, күні, (болған кезде))

  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

______________________________________________ шекті бағада
(реттелетін нарық субъектісінің атауы, БСН/ЖСН)
ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау не
орындамау туралы жартыжылдық ақпараты

      201_ жылғы _____________________

      (жартыжылдық)

      _____________________________________________________________________

      (ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрі)

р/с

Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткіштерінің атауы (қолданыс кезеңі көрсетіліп)

Кім бекітті (бұйрықтың күні, нөмірі)

Іс-шараның атауы

Іс-шараларды іске асыру жылдары

І тоқ.

ІІ тоқ.

ІІІ тоқ.

ІV тоқ.







      Кестенің жалғасы:

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шарасының, объектісінің жоспарлы өлшемдері (көрсеткіштері)

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шарасын, объектісін орындау, олардың нақты өлшемдері (көрсеткіштері) (тоқсан сайын, өспелі қорытындымен)*

Ауытқуы

Ауытқу себептері

Өлш. бірл.

Техникалық
өлшемдер

Өлш. бірл.

Инвестициялар сомасы

Өлш. бірл.

Инвестициялар көзі

Өлш. бірл

Техникалық
өлшемдер

Өлш. бірл

Инвестициялар сомасы

Өлш. бірл

Инвестициялар көзі
















      Ескертпе:

      1) * инвестициялық бағдарламаны іске асыру бойынша растаушы құжаттарды қоса беріп (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы акті (№ 2 нысан), орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссияларының қабылдау актілері, ішкі ілеспе құжаттары, реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және теңгерімге қабылдау туралы ішкі бұйрықтары);

      2) Аббревиатуралар:

      БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші

      Қолы __________________________________

      (ұйымның басшысы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады